Әйел жеткізу сомасын 8 мың теңге деп көрсеткен. Алайда пакетті такси жүргізушісіне 80 жастағы зейнеткер берген.
Ол қызының қиын жағдайға тап болғанын және тез арада заттарын жеткізу керектігін айтқан. Серік Нағашыбаев тапсырыс берілген сомаға күдіктеніп, полицияға хабарласқан.
Зейнеткер такси арқылы алаяқтарға 3 миллион теңге беріп жібермек болған, таксиді күдіктілер өздері шақырып берген.
Полиция қызметкерлері Диас Рахметов пен Ерқанат Рахимов қызында бәрі жақсы екенін айтып, зейнеткерге ақшаны қайтарып берді.
Қазіргі таңда полицейлер алаяқтық жасамақ болған адамдарды анықтау мақсатында жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Зейнеткердің қызы Елена Кононюк полиция қызметкерлері мен такси жүргізушісіне алғысын білдірді.