Қостанайда қызылшаның 35 жағдайы анықталды. Бұл туралы Қостанай қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Алмат Байкенов айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Ақпаратқа сәйкес, оның ішінде 20-сы бала, ал 15-і – ересектер.
"Қызылшамен ауырған 35 адамның біреуі жасына байланысты қызылшаға қарсы екпе алған. Тағы 11-і вакцинациядан бас тарту себебінен екпе жасатпаған, 3 науқастың медициналық қарсы көрсетілімі болса, 5 пациенттің егу мәртебесі белгісіз. Ал, 15 бала екпе алатын жасқа келген жоқ", - деп хабарлады Алмат Байкенов.
Эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында наурыз айынан бастап қызылшаға қарсы уақтылы екпе алмаған 18 жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау басталды.