"Евразиан Фудс Корпорэйшн" АҚ Қостанай қаласындағы филиалы өсімдік май экстракциялау зауытын салуға әзір, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қостанайдағы май экстракциялау зауытының құрылысы 2018 жылдың наурыз айында басталады. Бұл туралы "Евразиан Фудс Корпорэйшн" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Светлана Бойко айтты.
"Біздің холдингте екі май өңдеу зауыты жұмыс істейді. Оның бірі Алматыда, ал екіншісі Қарағанды қаласында. Өкінішке қарай, біздің зауыттар негізінен Ресейден келген импорттық шикізаттарды пайдаланады. Міне, осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Қостанайда май экстракциялау зауытын ашпақшымыз. Жобаны Қазақстанның даму банкі қаржыландырады", - деді С.Бойко.
Жоба құны - 100 млн доллар. Құрылыс жұмыстары 2020 жылы аяқталуы тиіс.