Қостанайда мас күйде ұсталған бас имамның орнына жаңасы келді

839

Жаңа имам бұрын Қостанай қалалық "Марал Ишан" мешітінің имамы қызметін атқарған. 

Қостанайда мас күйде ұсталған бас имамның орнына жаңасы келді Фото: muftuyat.kz

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қостанай облысының бас имамы болып Бектұрсын Уәлиев тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бектұрсын Уәлиев бұған дейін Қостанай қалалық "Марал Ишан" мешітінің имамы қызметін атқарған. Оны ұжымға ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров таныстырды. 

Еске салайық, Қостанай облысының бұрынғы бас имамы Бақытбек Тәжімбет мас күйінде автокөлік жүргізіп ұсталған болатын. Ол 15 тәулікке қамауға алынды. Бұл оқиғадан кейін ол қызметтен босатылып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елдің мұсылман жамағатынан кешірім сұраған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу