Қостанайда мектептер мен колледждер қашықтан оқыту форматына көшеді

202

Сондай-ақ Қостанай ауданында су басу қаупі бар аймақта бес мектеп бар. 

Қостанайда мектептер мен колледждер қашықтан оқыту форматына көшеді Фото: freepik

8 және 9 сәуірде Қостанай қаласының және Қостанай ауданының мектептері мен колледждерін қашықтан оқыту режиміне ауыстыру шешімі қабылданды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты Қостанай таңы газетінің сайтына сілтеме жасап.

Қостанай ауданында су басу қаупі бар аймақта бес мектеп бар.

Олар — Алтынсарин мектебі, Заречный мектеп-лицейі, Тобыл қаласының №1 мектебі, Мичурин ЖББМ, Кәрімов атындағы ЖББМ.

"Аталған білім ошақтарында жалпы саны 2494 оқушы бар. Эвакуацияланғаны — 543 бала. Бұлардың көбі туыстарының үйіне қоныстанған. Ал аудандағы эвакопунктерге 42 бала орналастырылды, олардың 27-сі — оқушы. Олар пункттерге мектеп компьютерлері арқылы қашықтан оқытылады", - делінеді облыстық Білім басқармасы хабарламасында.

Жалпы, барлық отбасы балаларымен үйлерін су басып үлгермей тұрып, уақытылы көшірілген. Оқуға қажетті құрал-жабдық жеткілікті.

Басқарма мәліметінше, қазіргі уақытта Жанкелдин ауданында 9, Аманкелді, Қарасу, Әулиекөл аудандарында және Рудный қаласына қарасты Перцев ауылында бір-бір мектептен қашықтан оқыту режимімен жұмыс істеп жатыр. Аталған өңірлерде үйден оқып жатқан оқушылардың саны — 968.

"Жолдың нашарлығына байланысты тасымалы қиын өзге өңірлер де қашықтан оқытуға көше алады. Бұл жөнінде су тасқыны жағдайының құбылуына байланысты ата-аналарға да хабарланып жатыр", - делінеді басқарма ақпаратында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу