Қостанайда мемлекеттік грантты мақсатсыз пайдаланған азамат 1,38 млн теңгені бюджетке қайтарды

206

Залал толық өтеліп, іс тоқтатылды.  

Қостанайда мемлекеттік грантты мақсатсыз пайдаланған азамат 1,38 млн теңгені бюджетке қайтарды Фото: ЖИ

Әулиекөл ауданында кәсіпкерлік бастамаға берілген мемлекеттік гранттың мақсатсыз пайдаланылғаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2023 жылы азаматқа бизнес жобасын жүзеге асыру үшін 1,38 млн теңге көлемінде мемлекеттік грант берілген. Алайда грант қаражатына алынған жабдық мәлімделген мақсатта пайдаланылмаған. Сонымен қатар оның техникалық сипаттамалары есептік құжаттардағы мәліметтерге сәйкес келмеген.

Осы факті бойынша прокуратура материалдарының негізінде алаяқтық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеу барысында азамат мемлекетке келтірілген 1,38 млн теңге залалды толық өтеп, қаражатты бюджетке өз еркімен қайтарды.

Оның кінәсін мойындауы және залалды ерікті түрде өтеуі ескеріліп, қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды.

Прокуратура мемлекеттік гранттардың нақты бизнес жобаларын жүзеге асыру үшін берілетінін еске салды. Бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу