Қостанайда мотоциклшілер маусымы ашылды

867

Қостанайда мотоциклшілер маусымы ашылды

Қостанайда мотоциклшілер маусымы басталды. Шараны Қостанайдағы Steppe Riders MCC мотоклубы ұйымдастырды. Мотоәуесқойлары алдымен қаладағы "ABC” автоәуесқойлар мектебінің оқу-тәжірибе алаңына жиналды, оларға жол ережесін сақтау және мотоциклді айдау туралы  сабақ және сол жөнінде байқау өтті, деп хабарлайды egemen.kz. 
Шараның екінші бөлігінде мотоцикл әуесқойлары Қостанай орталық даңғылдарымен қаланың екінші шетіне дейін  жүріп өтті. 

Steppe Riders мотоклубының президенті Александр Нам шараға қатысқан  мотоәуесқойларын құттықтады және сапарға шығар алдында жол-қозғалыс ережесін тағы да еске салды.

"Мұндай акцияны өткізуіміздің мақсаты мотоцикл айдауға әуес жастардың есіне бұл көліктің қауіпсіздігін тағы бір еске салу болды. Сонымен қатар автомобиль жүргізушілерге күн жылыған соң, көшеге мотоцикл әуесқойларының шыққанын, оларға да жол-көлік ережесін бұзбауды ескерту болатын. Бұл да жол ережесіне сақ болуды, жол-көлік оқиғасының алдын алуға септігін тигізеді деп ойлаймыз", -деді Александр.

Мотоәуесқойлар шарасына қатысу үшін облыстың өзге де қалаларынан  мотоциклшілер келді.

"Рудный қаласынан 15 мотоәуесқойлары келді. Рудный қаласында мотоәуесқойлары көп. Олардың көпшілігі ниет білдірген  шараға бұл жолы  келе алмады. Бірақ рудныйлықтар Қостанайда өтетін шараға жыл сайын қатысып отырады",  – деді Дмитрий Салмин.

50-ден аса мотоәуесқойлары қаладағы Абай, Гашек, Маяковская, Қайырбеков көшелерімен  жүріп отырып, финалға жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу