Қостанайда мұғалімдерге 200 млн теңгеден астам өтемақы төленбеген

166

Прокуратура Қостанай облысында білім беру саласындағы бұзушылықтарды анықтады. 

Қостанайда мұғалімдерге 200 млн теңгеден астам өтемақы төленбеген Фото: freepik

Қызметкерлерге зейнеткерлік жасқа жеткенде кепілдендірілген өтемақы және іссапар шығындары төленбеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жұмыстан босату туралы бұйрықтарда зейнеткерлік жасқа толуына байланысты шартты бұзу туралы көрсетілмей, еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша немесе қызметкердің өтініші бойынша бұзылған.

Барлығы 350 қызметкер анықталды, оларға 38 миллион теңгеден астам өтемақы төленбеген. 

Сонымен қатар, білім бөлімдері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтарға іссапар шығындары төленбеген.

Конституциялық құқықтары бұзылған және оларға 185 миллион теңгеден артық төленбеген 1,8 мыңнан астам педагог анықталды. 

Прокуратураның ықпалымен 60 миллион теңгеден астам сома төленіп, 405 мұғалімнің құқығы қорғалды. Қалған қызметкерлерге төлемдер жақын арада төленетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу