Қостанайда мұз жару жұмыстары басталды

764

Қостанайда мұз жару жұмыстары басталды

Қостанай облысында тасқынға қарсы дайындық шаралары аясында мұз жару жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлағандай, мұз жару жұмыстары сең жүру басталғанға дейін жүргізілуге тиіс. Сондай-ақ, ол су тасқыны қаупінің алдын алу үшін қажет.

"Алғашқы жару жұмыстары 30 наурыз күні Қарасу өзенінде басталды. Осы жұмыстар келесі күні Қарасу ауданына қарасты Зеленов және Восток өзендерінде жалғасты. Тасқынға қарсы бұл  шаралар өзен арнасын мұз бітеп қалмауы, мұзды қопсыту, сең кептелістерін болдырмау және тасқын суларды апаттық жағдайларсыз жіберу мақсатында жүргізілді. Осы тұста балықшыларды көктемгі мұзға шықпауға, өмірлерін тәуекелге тікпеуге шақырамыз", - деді ведомство өкілдері.    

Айта кетейік, Қарасу ауданында 8900 текше метр мұз жарылды. Мұздың орташа қалыңдығы 1 метрді құрады. Барлығы 116 ұңғыма қазылды. Жуырда Таран селосының маңындағы Аят өзенінің алаңында және Жанкелдин ауданы өзендерінде бірнеше жарылыс өткізілмек.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу