Қостанайда науқастың шабуылынан жансақтауға түскен дәрігердің кім екені белгілі болды

129

Қостанай облысының прокуратурасы күдіктіге қатысты процестік мәжбүрлеу шаралары қабылданғанын хабарлады. 

Қостанайда науқастың шабуылынан жансақтауға түскен дәрігердің кім екені белгілі болды Фото: Қостанай облыстық ауруханасының баспасөз қызметі

Ол ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ 34 жастағы хирург-уролог Антон Кистанов зардап шеккен дәрігер екені белгілі болды. Қостанай облыстық ауруханасының баспасөз қызметі оның мекемеде алты жыл жұмыс істегенін және ондаған адамның өмірін сақтап қалғанын айтты.

"Отбасының рұқсатымен Қостанай облыстық ауруханасының қабылдау бөлмесінде болған шабуыл салдарынан зардап шеккен дәрігердің аты-жөні белгілі болды. Қазір ол ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде. Ол өз өмірі үшін күресіп жатыр. Үйінде оны жас жұбайы мен жаңа туған қызы күтіп отыр", – деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу