Қостанайда облыстық сот судьясы пара алу кезінде ұсталды

742

Ақша мүдделі тараптың пайдасына соттың оң шешімін алу үшін көзделген.  

Қостанайда облыстық сот судьясы пара алу кезінде ұсталды

Қостанайдағы облыстық сот судьясы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды, деп жазады inbusiness.kz Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"17 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы Соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімнің өзара іс-қимылы нәтижесінде Қостанай қаласында облыстық соттың судьясы ірі көлемдегі параны алу кезінде ұсталды. Ақша мүдделі тараптың пайдасына соттың оң шешімін алу үшін көзделген. Басқа ақпарат тергеудің мүддесі үшін жарияланбайды", – деп жазылған хабарламада.

ҰҚК-нің Тергеу департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу