Қостанайда оқушы 4 баланы өлімнен аман алып қалды

1137

Оқыс оқиға "Садовод" саяжайы аумағында болған. 

Қостанайда оқушы 4 баланы өлімнен аман алып қалды Фото: inform.kz

Қостанайда 5-сынып оқушысы өртеніп жатқан үйден 4 баланы алып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің дерегінше, оқыс оқиға кеше болған. 25 желтоқсанда сағат 11:36-да 101 қызметіне Қостанайдағы "Садовод" саяжайы аумағында өрт шыққаны туралы хабар түскен. Куәгер саяжайдың өртеніп жатқанын айтқан.

Мамандар оқиға орнына келген кезде 6 адам тұратын үйдің 60 шаршы метр өртенгенін көрген. Бұл уақытта онда ешкім болмаған.

"Бұл күні Қостанай қаласының № 22 орта мектебінің 5-сынып оқушысы "Садовод" саяжайында тұратын Олег Пирог көшеде ойнап жүріп, көрші үйден түтін шығып жатқанын көрген. Олег мұнда кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасы тұратынын білген. Үлкен қызы 8 жаста, ал ең кішісі 2 жаста. Өрт сөндірушілердің келуін күтпей, ол үйге терезе арқылы кіріп, 4 баланы кезекпен көшеге шығарған. Бұл уақытта балалардың ата-анасы үйде болмаған. Олар пешті жағып, дүкенге кеткен", – деді өрт сөндірушілер.

Ата-аналары келгенге дейін балалар көршінің үйінде болған. Олар өрттен зардап шекпеген. Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден екі газ баллонын шығарды. 

Құтқарушылар өртті 12:28-де толық сөндірген. Өрттің шығуына жылыту пешінің дұрыс жұмыс істемеуі себеп болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу