Қостанайда оқушы мектепке бомба қойылды деген жалған ақпарат таратқан

345

Шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратқаны үшін оқушыға қылмыстық жауапкершілік қарастырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қостанайда оқушы мектепке бомба қойылды деген жалған ақпарат таратқан Фото: polisia.kz

Қостанай облысы ПД шұғыл қызметінің телефонына қоңырау келіп түскен. Онда тұтқада баланың дауысы облыс орталығындағы мектептердің бірінде жарылғыш құрылғы мен террористер бар екендігін хабарлаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 9 жасар баланы анықтаған.

"Ол көшеде жүріп, осылайша достарының көңілін көтеруді шешкен. Оқиға орнына арнайы қызметтер барып, қызметкерлер мен мектеп әкімшілігі эвакуацияланды. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, ата-аналарға тиісті шаралар қабылдау туралы мәселе қаралады", –  деп мәлімдеді басқарма бастығының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу