Мұндай тәсіл оларды тасымалдау кезінде күдік туғызбауға және анықтауды қиындатуға бағытталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қостанай қаласында өңіраралық бағытта әрекет еткен интернет-есірткі дүкенінің 25 жастағы курьері ұсталды. Ол өңірлер арасында ірі көлемдегі есірткі партияларын тасымалдап, кейіннен оларды жасырып таратуға жеткізіп отырған.
Күдіктіні ұстау барысында заңсыз айналымнан жалпы салмағы 1,5 келіден асатын есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде меткатинон психотроптық заты мен кептірілген марихуана болған.
Сараптамалық есеп бойынша тәркіленген есірткі көлемі 10 мыңнан астам бір реттік дозаға тең, осылайша олардың ықтимал тұтынушыларға жетуіне жол берілмеді.
"Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қылмыстық схеманы ұйымдастырушыларды, есірткі жеткізу арналары мен интернет-есірткі дүкенінің жұмысына қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау жұмыстарын жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігі.