Қостанайда өртке байланысты тоқтатылған кейбір пойыз жөнелтілді

783

Қостанай облысында орман өрті теміржолға таяп, жолаушылар өміріне қауіп төндіргендіктен пойыздар тоқтатылған болатын. Олар таңға жуық өрт сөндіруші пойыздың қорғауымен қауіпті аймақтан өткізілді.

Қостанайда өртке байланысты тоқтатылған кейбір пойыз жөнелтілді

Бұл туралы Қазақстан темір жолы сайтында хабарланды, деп жазады inbusiness.kz.

"4 қыркүйек жолды алдын ала тексергеннен кейін бірінші контейнерлік пойыз сағат 03.57-де, екіншісі – 04.21-де жөнелтілді. Сағат 05.25-те өрт сөндіру пойызының қорғауымен Алматы-Орал бағытындағы №51 жолаушылар пойызы (кідіріс уақыты 11 сағат 8 минут) және Семей-Маңғыстау бағытындағы №37 пойыз жөнелтілді", – деп жазылған ақпаратта.

Пойыздардың қозғалысы толығымен ҚР ТЖМ жедел штабының ақпаратынан кейін ғана қалпына келтіріледі.

ҚТЖ-да жедел штаб құрылды. Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 8 (7172)60-63-15, 8(701) 777 65 80. 

Қостанай, өрт, пойыз, теміржол, ҚТЖ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу