Қостанайда өткен демалыста 2 өрт оқиғасы тіркелді

404

Зардап шеккендер жоқ. 

Қостанайда өткен демалыста 2 өрт оқиғасы тіркелді Фото: kstnews.kz

Қостанай қаласында өткен демалыста 2 өрт оқиғасы тіркелді, деп жазады inbusiness.kz  "Костанайские новости" сайтына сілтеме жасап.

Сенбі күні таңертең Мирошниченко көшесінде орналасқан екі қабатты коммерциялық ғимараттың шатырынан өрт шықты. Өрт сөндірушілер оқиға орнына он минут өткен соң жетті. Жалын 350 шаршы метр аумақты қамтыған. Өрт орнынан екі оттегі цилиндрі шығарылды.

Зардап шеккендер жоқ. Ғимарат ішінде адамдар болмаған. Өрт бес сағаттан кейін таңғы сағат 09.00-де ауыздықталды. Өрт сөндіруге жеке құрамның 35 адамы, 10 бірлік техника, жедел-құтқару жасағының және "Қостанай-Су" 3 қызметкері жұмылдырылды. Тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.

Бұдан бөлек 20 қараша күні сағат 21:01-де Қостанай-2 ауданында Достық көшесі, 25 мекенжайы бойынша Volkswagen Passat автокөлігі өртеніп кетті. Құтқарушылар сағат 21:16-да жетті. Өрт сағат 21:29-да ауыздықталды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу