Қостанайда өзенге ағып кеткен баланың мәйіті 5 күннен кейін табылды

151

Козыревка кентінде баланы іздестіру жұмыстары аяқталды.  

Қостанайда өзенге ағып кеткен баланың мәйіті 5 күннен кейін табылды Фото: regnum.ru

ТЖД құтқарушылары Тобыл өзенінің су аймағында 8 жасар баланың мәйітін тауып, судан алып шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қостанай облысы ТЖД мәліметінше, 18 тамызда Б. Майлин ауданы Козыревка кентінде Тобыл өзені арқылы топырақ үйіндісінен өту кезінде абайсызда ер адам мен 8 жасар бала суға құлаған.

Ер адам өз күшімен судан шығып үлгерсе, баланы өзен ағысы алып кеткен.

Су астында 63 мың шаршы метр, жерде 80 шақырым жер тексерілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу