Қостанайда пиязды заңсыз әкетпек болғандар анықталды

530

Пиязды экспорттауға тыйым салынғанына қарамастан, Ресей Федерациясына пиязды экспорттау әрекеттері жалғасып жатыр.  

Қостанайда пиязды заңсыз әкетпек болғандар анықталды Фото: aikyn.kz

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жалпы салмағы 160 тонна пиязды экспорттауға жасалған 8 әрекетті тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Осылайша, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Қайрақ" бақылау-өткізу бекетінде жалпы салмағы 160 тонна пиязды экспорттауға жасалған 8 әрекеттің жолын кесті. Қолда бар жедел ақпаратқа сәйкес, жабық өнімдерді пайдалана отырып, пиязды экспорттауға әрекет жасалып жатыр, осыған байланысты тыйым салынған тауарлардың, сондай-ақ уақытша тыйымдар мен шектеулер белгіленген тауарлардың жекелеген түрлерін экспорттау/импорттауды бақылау, күшейтілген режимге ауыстырылды", - деп хабарлады министрлік.

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 28 қаңтардағы бұйрығымен республика аумағынан пиязды 3 ай мерзімінде әкетуге тыйым салынғанын еске салды.

Батыс Қазақстан облысындағы шекара бекетінен Түркістан облысына пияз тиелген 20-дан астам көлік қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу