Қостанайда полиция қызметкері қызметтік көлікпен есірткі тасымалдаған

174

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қостанайда полиция қызметкері қызметтік көлікпен есірткі тасымалдаған Фото: baq.kz

Қостанай облысында полиция қызметкері қызметтік көлікпен есіркі сатқан. Сот оған 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Қылмыстық іс Қостанай облысының сотында қаралды. Қостанай полициясының есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары психотроптық заттарды сатқаны үшін сотталды. Тексеру барысында оның автокөлігінен аса ірі көлемде сату үшін заңсыз сақталып, тасымалданған гашиш пен меткатинон табылып, тәркіленді.

Ол тіпті есіркі сатып ғана қоймай, қысым көрсету арқылы жазықсыз адамдарды осы қылмысқа тартқан. Сотталушы өз кінәсін мойындамай, қорғаушыларымен бірге қылмыстың жоқтығын алға тартып, ақтауды талап етті. Алайда, оның кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамалары мен бейнематериалдарымен, сараптамалық қорытындылармен және басқа да іс материалдарымен толық дәлелденді.

Сот оған өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым сала отырып, 15 жылға бас бостандығынан айырды, сондай-ақ, "полиция капитаны" арнайы атағынан айырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу