Қостанайда психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері сот алдында жауап береді

455

Сот отырысы 14 шілдеде өтеді.

Қостанайда психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері сот алдында жауап береді Фото: Наш Костанай

Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Владимир Михайленко бірнеше бап бойынша сот алдында жауап береді, деп жазады inbusiness.kz top-news.kz порталына сілтеме жасап. 

"Ол ҚР ҚК-нің 361-бабының 1-бөлігі ("Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану"), ҚР ҚК-нің 385-бабының 5-бөлігі ("Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу") бойынша айыпталып жатыр. Құқық бұзушылық алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында жасалған", - делінген ақпаратта.

Ресурстың жазуынша, сот отырысы 14 шілдеде өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу