Қостанайда "Qnet LTD" қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

510

30-дан астам адам қылмыстық әрекеттердің құрбаны болды.

Қостанайда "Qnet LTD" қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды Фото: google.com

Қостанайда "Qnet LTD" құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚМА аумақты Департаменті қызметкерлері анықтағандай, күдікті азаматтарды "Qnet LTD" қаржылық пирамидасына тарту үшін Қостанайда кеңсе ашып, жеңіл табыс табуды белсенді түрде жарнамалаған. 

30-дан астам адам қылмыстық әрекеттердің құрбаны болды. Күдіктінің қылмыстық ісін тергеп-тексеру барысында жәбірленушілерге 36,5 миллион теңгеден астам шығын толық көлемде өтелді, осыған байланысты тараптардың татуласуына байланысты тергеу тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу