Қостанайда ресейліктен Kinder тәттісіне тығып қойған есірткі тәркіленді

339

Ол марихуананы шекарадан Kinder тосын сыйына салып өткізбек болған. 

Қостанайда ресейліктен Kinder тәттісіне тығып қойған есірткі тәркіленді Фото: pixabay

Ресейге қарай шекараны кесіп өткен жолаушыны тексеру кезінде қызметтік-іздестіру иті есірткінің иісін сезді. Шетелдік азамат өзімен берге тыйым салынған зат бар екенін мойындап, ішінде үш грамм марихуана болған Kinder тосын сыйын берді, – деді Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы)  және ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу