Қостанайда салмағы 6 келіден астам қыз бала дүниеге келді

630

Бүгінгі таңда Айару дәрігерлердің бақылауында.  

Қостанайда салмағы 6 келіден астам қыз бала дүниеге келді Фото: inform.kz

Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында салмағы 6,7 кг болатын қыз бала дүниеге келді, деп жазады inbusiness.kz top-news.kz порталына сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, нәрестенің анасы Әйгерім Долдашева - Әулиекөл тұрғыны. Бүгінде Айару екеуі өздерін жақсы сезінеді.

Босанған ананың жүктілік мерзімі қалыпты өтті, оған кесарь тілігі жасалды. Жаңа туған сәби жан сақтау бөлімінде екі күн жатқан. Бүгінде оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Айта кетейік, Айару отбасындағы үшінші бала.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу