Қостанайда сатушыны қорқытқан күдікті саусақ ізі арқылы ұсталды

211

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Қостанайда сатушыны қорқытқан күдікті саусақ ізі арқылы ұсталды Фото: Polisia.kz

Қостанайда дүкендердің бірінде сатушыны пышақпен қорқытып, 15 мың теңгені қолды қылған күдікті саусақ ізі арқылы ұсталды, - деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Қостанай қаласында болған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Зорлық-зомбылықпен қорқыту арқылы ашық түрде ұрлық жасағаны үшін күдіктінің мүлкі тәркіленіп және жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Қостанай облысы ПД хабарлады.

– 17 мамыр күні кешке облыс орталығындағы дүкендердің бірінде белгісіз біреу сатушыны пышақпен қорқытып, 15 мың теңгені қолды қылған. Күдікті дүкен сөресінен алынған сұқ саусақтың ізі арқылы анықталды. Оның іздері бұрын "Папилон" автоматтандырылған саусақ ізін сәйкестендіру жүйесінің деректер базасына енгізілген болатын. Қарақшылық дерегі бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Қостанай қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің криминалисті Данияр Нұрқанов.

Айта кету керек, "Папилон" жүйесі саусақ ізі туралы ақпаратты енгізу, өңдеу, салыстыру, сақтау және берудің барлық процесін барынша автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу