Қостанайда шалғынды көбелек құрты қаптады

1739

Қостанай облысының Аршалы, Набережное ауылдарында шалғынды көбелек құрты қаптап кетті,  деп хабарлайды Atameken Business.  

Қостанайда шалғынды көбелек құрты қаптады

Ауыл тұрғындары зиянкестер-мен қалай күресерін білмей дал. Соңғы үш күннен бері,шалғынды көбелек құрты ауыл-аймақтың жасыл желегін жеп барады. Егіс алқаптарында бидайға ғана зиянын тигізбеген. Диқандар, жәндіктерді өз күштерімен улауда. Елімізде оны өңдеу жұмыстары қарастырылмаған. Үкімет құрттарды жоюға жұмсалған қаржының бір бөлігіне ғана субсидия береді. Бұл жәндіктер екі аптадан соң, көбелекке айналып, зиянын тигізуді доғарады. Шалғын құртының қаптауы 10-12 жылда қайталанып тұрады. Жалпы, қуаңшылық жылдары бұл жәндіктер көріне қоймайтын.  Соңғы жауған жаңбырдан соң, жаңадан шыққан көкте пайда болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу