Бұл туралы Қостанай қаласының білім басқармасының бөлім басшысы Евгений Терентьев мәлім етті, деп хабарлайды Alau.kz.
Оның айтуынша, музыка мектебінің екінші ғимаратының шатыры 90%-ға жөнге келтірілген. Құрылысшылар шатырдың ішкі тіреулерін бекіткен, бүгінгі таңда енді шатырын жабу жұмысы қалып отыр.
Мектепте кесте бойынша сабақ осы аптаның соңына дейін басталады.
Естеріңізге сала кетейік, оқыс оқиға 6 ақпан, күндізгі сағат 12-лер шамасында болған. Музыка мектебі ғимаратының шатыры балалар дәріс алып жатқан кезде құлап түскен. Балалардың ешбіріне зақым келген жоқ.
Музыка мектебінің екінші корпусы сәулет ескерткіші болып табылады. Ол сонау 1905 жылы тұрғызылған. Ғимаратқа осыдан бірнеше жыл бұрын жөндеу жасалғанымен, шатыры соңғы рет 90-шы жылдардың соңында жөнделіпті. Дегенмен, Қостанай қалалық білім бөлімінің мамандарының айтуынша, ол ешқандай қауіп төндірмеген.