Қостанайда шенеунік мердігерден 9 миллион теңге алып жатқанда ұсталды

172

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. 

Қостанайда шенеунік мердігерден 9 миллион теңге алып жатқанда ұсталды Фото: видеодан алынған кадр

Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында денсаулық сақтау объектілерін салу кезінде заңсыз сыйақы алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Авторлық қадағалау тобының басшысы бопсалау арқылы орындалған жұмыс және пайдалануға беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде дәрігерлік амбулатория салатын компанияның бас инженерінен 9 000 000 теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алған.

Тергеу барысында күдікті қолма-қол ақша алу кезінде ұсталды.

Заңсыз сыйақы мөлшері көрсетілген объектілерді салу құнының жалпы сомасының 1% — құрайды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. 

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәлімет жарияланбайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу