Қостанайда шөп пен қамыс өртеніп жатыр

467

Мамандар үйлерге келер қауіп жоқ деп сендіріп отыр. 

Қостанайда шөп пен қамыс өртеніп жатыр Фото: Қостанай ТЖД

Қостанай қаласында шөп пен қамыс өртеніп жатыр, деп жазады inbusiness.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, жеке тұрғын үйлерден адамдар эвакуацияланған.

"24 мамыр күні сағат 13:25-те Қостанайда Мичурин көшесі 2, Красносельское тұйық көшесі мекен жайында 2 гектар алаңда шөп пен қамыстың өртенгені туралы хабар келіп түсті. Шипин көшесі бойында 10 жеке тұрғын үйден 35 адам эвакуацияланып, бірден үйлеріне қайтарылды. Қабылданған шаралар арқасында тұрғын үй секторына және аула қондырмаларына өрттің таралуына жол бермеуге мүмкіндік туды, тұрғын үйлерге келер қауіп жоқ", - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда оқиға орнында жеке құрамының 35 маманы мен 9 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу