Қостанайда синтетикалық есірткі таратқан студент ұсталды

315

19 жастағы жігітті есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері "Қарасора – 2025" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы кезінде қолға түсірген.    

Қостанайда синтетикалық есірткі таратқан студент ұсталды Фото: polisia.kz

Колледжде білім алатын жігіт синтетикалық есірткі заттарын сақтады және таратты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ресми мәліметтерге сәйкес, жас жігіт 2025 жылдың сәуір айынан бастап есірткі таратушы ретінде жұмыс істеп, синтетикалық есірткі сату бағытында жұмыс істейтін интернет-дүкенмен байланыста болған.

Күдікті бұған дейін есірткі жасырған орындарды тексеру барысында қызыл изолентаға оралған 4 түйіншек табылды. Ішінен ерекше иісі бар ақ түсті зат шықты, алдын ала болжам бойынша – синтетикалық есірткі.

Күдіктінің пәтерін тінту кезінде қосымша айғақтар табылды. Полицейлер телефон қорабынан жасыл түсті, өсімдік тектес құрғақ затты анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл – кептірілген марихуана.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу