Қостанай облысында Қызыл кітапқа енген дала қыраны құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
1 қарашада Амангелді ауылының тұрғыны өз ауласынан сирек кездесетін құс тауып алған. Оның айтуынша, қандай да бір себептермен ол ұша алмай қалған.
Табылған құс туралы табиғатты қорғау полициясына хабарлаған ер адам орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы, балық және аңшылық бөлімі, сондай-ақ "Қостанай ЗООПульс" қоғамдық бірлестігінің директорымен бірге оқиға орнына барған.
Құсты қарау барысында, бұл шынымен де ұша алмай қалған Қызыл кітапқа енген дала қыраны екені белгілі болды. Мамандар оны тексеру үшін ветеринарлық клиникаға апарған. Қазір құс ветеринарлық емханада.