Қостанайда сот жер өтемақысын 274 млн теңгеден 155 млн теңгеге азайтты

307

Сот меншік иесінің өтемақыны негізсіз арттыруға бағытталған әрекеттерін заңсыз деп таныды.  

Қостанайда сот жер өтемақысын 274 млн теңгеден 155 млн теңгеге азайтты Фото: gov.kz

Қостанай облыстық соты прокуратураның апелляциялық өтінішхаты негізінде жер учаскесін мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы азаматтық істі қайта қарап, өтемақы көлемін қысқартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Прокуратураның мәліметінше, жерді мемлекет қажеттілігі үшін алу рәсімі басталғаны туралы хабарлама алғаннан кейін меншік иесі жылжымайтын мүлік нысанын реконструкциялап, оның аумағын ұлғайтқан. Соның салдарынан сатып алу құны айтарлықтай өсіп кеткен.

Сот бұл әрекеттер өтемақы мөлшерін негізсіз көбейтуге бағытталған деген қорытындыға келді.

Нәтижесінде бірінші саты сотының шешімі өзгертіліп, ақшалай өтемақы көлемі 273,9 млн теңгеден 155 млн теңгеге дейін төмендетілді.

Прокуратура бұл шешім бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол бермеуге және заңсыз пайда табу әрекеттерінің алдын алуға ықпал ететінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу