Қостанайда спорт кешенінің еден жуушысы мемлекеттік туды қоқысқа лақтырып тастаған

1201

Қостанайда спорт кешенінің еден жуушысы мемлекеттік туды қоқысқа лақтырып тастаған

Қостанайда мемлекеттік туды қоқысқа шығарып тастаған  спорт кешенінің еден жуушысын жауапқа тартатын болды.

Өткен демалыста халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері қоқыста жатқан Қазақстанның туын байқап қалып, полицияға хабарлаған, деп мәлім етті облыстық ішкі істер департаменті. Бұл туралы "Интерфакс-Казахстан" жазып отыр.

Белгілі болғандай,  спорт кешенінің еден жуушысы  жаттығу залын тазалап жүріп, бүктеулі туды тауып алған.  Бояу жұғылып, біраз жері бүлінген туды қажетсіз деп, қоқыспен бірге шығарып тастаған.

Полицияның дерегі бойынша,  еден жуушы туды қорламақ ойы болмағанын айтады.  Дей тұрғанмен еліміздің заңнамасы бойынша мемлекеттік туды қорлағаны үшін 2000 АЕК көлемінде айыппұл немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 1 АЕК бүгінгі таңда  2 121 теңгені құрайды. Ал қоқыстан алынған туды тәртіпт сақшылары  қалалық әкімдікке тапсырды. Ережеге сәйкес, стандарттарға сай келмейтін мемлекеттік рәміздер  арнайы комиссия шешім шығарып, акт жасаған соң жойылатын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу