Жалпы шығын 100 мың теңгеден асты. Instagram әлеуметтік желісінде лақап атпен 18 жастағы жігіт бір реттік электронды темекі мен "Ирина Қайратовна" концертіне билеттер сатылғаны туралы хабарландыру жариялаған. Ал ақша алғаннан кейін ол байланысқа шықпай қалады.
– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында біздің қызметкерлер әлеуметтік желі арқылы алаяқтықпен айналысқан Қостанай қаласының тұрғынын ұстады. Электронды темекі мен "Ирина Кайратовна" тобының концертіне билеттерді сату арқылы ол ақшаны сауда орталығы ауданындағы жігіттен 30 000 теңгеге сатып алған бөтен банктік картаға алып отырған. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлады Қостанай облысы ПД Киберқылмыспен күрес бөлімінің аға жедел уәкілі Олжас Мағыпаров.
Қазіргі уақытта осыған ұқсас фактілерді анықтау бойынша жедел тергеу шаралары жүргізілуде.