Ай сайынғы төлемі жалдамалы пәтерлерге қарағанда бес есе төмен, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Ғимарат жеке инвестордың қаражатына салынды. Асхана, кір жуатын бөлме және спорт залымен жабдықталған. Жоспарда монша мен шағын маркет ашу бар. Былтыр екі мыңдай шәкірт пәтер жалдап тұрса, биыл жатақханаға зәру студенттер саны 320-дан асады.
"Бөлмелердің ішінде 4,6 және 8 орындық бөлмелер бар. Негізі бұл ғимарат 10 жыл бойы бос тұрған. Екі қабатты терезелері, есіктері ештеңесі болмаған. Соның бәрін қалпына келтірдік. Жалпы инвестиция 480 миллион теңге" - дейді мердігер Әсел Таңжарық.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу