Қостанайда су бағасы тағы да қымбаттады

1069

Қостанайда су бағасы тағы да қымбаттады

Қостанайда су және кәріз қызметінің жаңа бағасы бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кету керек, ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин жаңа жылдан бастап коммуналдық тарифтерге 10 пайыз қосылатынын мәлімдеген еді. Ал табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қостанай облыстық департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, баға 2016-2020 жылдарға арналған жоспарға сәйкес көтерілді.

"Алдымен, тұрғындардың коммуналдық төлемдерге деген қарыздарын тексеретін боламыз. Бізге жеткен мәліметтер бойынша, облыс тұрғындары кәсіпорынға 60 млн теңге қарыз. Оның үстіне, "Қостанай-Су" тұтынушылардан түскен қаражатпен өзінің несиесін жауып отыр. Енді бірінші жартыжылдықта қостанайлықтар суға 10 пайыз артық төлейді", - деп түсіндірді "Қостанай-Су" МКК басшысы Еркебұлан Файзулаев.

Файзулаев атап өткендей, судың бір текше метрі үшін 84,59 теңге, кәріз жүйесіне 71,68 теңге төлейді. "Қарызы көп тұрғындар коммуналдық төлемақының түбіртегін алған күннен бастап, біздің кәсіпорынға келуі тиіс. Содан соң олармен келісімшарт жасасып, қарыз сомасын қайта есептеп, бөліп төлеуге мүмкіндік береміз", - дейді кәсіпорын басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу