Қостанайда су тасқыны кезінде енгізілген төтенше жағдай алынып тасталды

182

Төтенше жағдай ресми түрде 2024 жылдың 6 сәуірінде енгізіліп, 9 айға созылды.

Қостанайда су тасқыны кезінде енгізілген төтенше жағдай алынып тасталды Фото: gov.kz

Биыл Қостанай облысының аудандары ғана емес, облыс орталығының өзі де табиғи апаттан зардап шекті.

Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев төтенше жағдайдың ресми түрде жойылғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Су тасқыны кезінде Тобыл өзенінің суы қала жағалауын және жүздеген жеке тұрғын үйлерді басып қалды. Әсіресе, Колесный ауданы мен саяжайлар зардап шекті.

Су тасқынының зардабын жою барысында "Колесные ряды" аймағындағы 100-ден астам апатты тұрғын үйлер сүрілді. Баспанасыз қалғандарға әкімдік 2 миллиард теңгеден асатын 98 пәтер сатып алды.

Сондай-ақ, жаңа "Қунай" шағын ауданында 14 тұрғын үй салынды. Жөндеуге жататын 106 үйдің 97-сінде жөндеу жұмыстары аяқталды.

Сонымен қатар, су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысының шаруалары әлі күнге дейін жоғалған малдары үшін өтемақы төленбегенін айтып шағымданып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу