Агенттік халықтың барлық топтары үшін 2022-2026 жылдарға арналған жаңа тарифтік лимиттерді бекітті.
Осылайша, 1 тамыздан бастап Қостанай-су қызметінің құны 14 пайызға қымбаттайды. Халықты сумен қамту тарифі 63 теңгеден 72 теңгеге дейін көтеріледі.
Ал суды бұру текше метрі 49 теңгеден 56 теңгеге дейін өседі.
Сонымен қатар монополияға қарсы департамент "Қостанай суы" тарифі жыл сайын орта есеппен 14 пайызға өсетінін түсіндірді.
Ая ӨМІРТАЙ
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу