Қостанайда сырғанақты бұзу кезінде жұмысшы қаза тапты

327

Қостанай облысы Қамысты ауданының орталығында жаңажылдық сырғанақты бұзып жатқан жұмысшы 4,5 метр биіктен құлап кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қостанайда сырғанақты бұзу кезінде жұмысшы қаза тапты Фото: baq.kz

Оның құлаған кезде көпеген сүйегі сынған.

Полицейлер адам өліміне әкеп соқтырған еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы пациенттің ауруханаға жатқызылғаннан кейін көз жұмғанын нақтылады.

– 13 ақпан сағат 19:22-де Қамысты аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне 1966 жылы туған науқас жеткізілді. Диагноз "Көп жерден омыртқа мен жамбас сүйектерінің сынуы" және "1-2 дәрежелі жарақаттық шок". Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Тексеру және емдеу медициналық хаттамаға сәйкес жүргізілді. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде науқастың алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Өкінішке қарай, сағат 22:40-та науқас көз жұмды, – деп хабарлады дәрігерлер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу