Қостанайда цистерна рельстен тайып кетіп, 20 шаршы метр аумаққа дизель отыны төгілді, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін 10:22-де облыстық ТЖД кризистік жағдайлар басқармасына "Иволга Холдинг" ЖШС теміржол тұйығында цистерна рельстен шығып кеткендігі туралы хабар түскен.
Цистернаның рельстен шығып кету салдарынан 10 тоннадай отын төгіліпті (цистернада 54 тонна дизель болған).
"Өзге пойыздардың қозғалысы бұзылған жоқ",– делінген хабарламада.
Қазір ТЖ орнында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Оқиғаның мән-жайын көліктік бақылау инспекциясы анықтап жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу