Қостанайда төтенше жағдай: үйінді астынан 3 адам шығарылды

1329

Біреуі өлі күйінді табылды.

Қостанайда төтенше жағдай: үйінді астынан 3 адам шығарылды Фото: Қостанай облысы ТЖД

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанайда газ салдарынан қираған ғимарат туралы ақпарат берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"11 желтоқсан күні сағат 12:39-да Қостанай қаласының Амангелді кентінде газ-ауа қоспасының жарылысы салдарынан жүк көлігін жөндеуге арналған бір қабатты ғимараттың қирағаны туралы хабар түсті. Куәгерлердің айтуынша, үйінді астында адамдар болуы мүмкін", — деп жазылған ҚР ТЖМ хабарламасында.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қостанай облысы ТЖД және жергілікті атқарушы орган күш-құралдары жұмылдырылған.

Алғашқы медициналық көмекке 12 адам жүгінді.

"Іздестіру-құтқару жұмысында үйінді астынан екі адам құтқарылды, тағы біреуі өлі күйінде табылды, оның аты-жөні анықталып жатыр. Іздеу жалғасуда. Ақпарат түсуіне қарай тағы толықтырылады", — дейді министрлік.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанайда тұрғын үй опырылып, бірнеше адам үйінді астында қалғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу