Қостанайда тракторларға арналған пластик бөлшектер шығарылмақ

553

Қостанай трактор зауыты "Кировец" тракторларына арналған қанаттар, газ шығаратын түтіктің қорғаныс қаптамасын, аккумулятор батареясының қақпағы және басқа да пластикалық бөлшектерді шығаратын болады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз ықзметі.

Қостанайда тракторларға арналған пластик бөлшектер шығарылмақ

Осы жобаны іске асыру мақсатында зауыт мамандары Петербург трактор зауытында оқытудан өтті. Болашақта пластикалық бөлшектердің жергілікті өндірісіне толықтай көшу, оның ішінде ең күрделі болып саналатын капот өндірісін ұйымдастыру көзделген. Қазақстандық қамтуды ұлғайту үшін кәсіпорынның меншікті инвестициясы тек бірінші кезеңде ғана 85 млн теңге болды.

Айта кету керек, Санкт-Петербург трактор зауыты ұзақ уақыттан бері пластиктен жасалған бөлшектердің кең түрлерін өндіруге көшті, бұл компанияға үшінші тарап өндірушілерінен полимерлі өнімді сатып алудан толығымен бас тартуға мүмкіндік берді. Дәл осындай  тәжірибені, сонымен бірге технологиялар, жабдықтар мен материалдарды қостанайлықтар да қабылдады. Егер бұрын мұнда тікелей ПТЗ-да жасалған пластиктен жасалған дайын бөлшектер келетін болса, енді оларды Қостанай зауытының мамандары өндіретін болады, бұл үшін шыны пластикті дайындау бойынша барлық жағдай жасалған.

 

Жоба инженері Дмитрий Гайдардың айтуы бойынша, мұнда ПТЗ өкілдерімен бірге жасалған арнайы қалыптау матрицалары қолданылады, олардың сапасы да, бөлшектері де Санкт-Петербургте жасалған бұйымдардан ешбір ерекшеліктері жоқ. Ең бастысы, енді пластиктен қажетті бөлік сынған немесе ауыстырылған кезде Ресейге өтініш жіберудің қажеті жоқ, мұндай жағдайлар өндіріс ошағында бір аптаның ішінде шешімін табады.

Жақын арада Қостанай зауытының қызметкерлері кезекті оқуға аттанады, одан кейін трактордың ең күрделі бөлшегі – капотты шығара алады. Өйткені, ол қосымша тағы 19 нысанды қамтиды, олардың барлығы әртүрлі пішінде.

Бүгінде зауыт Санкт-Петербург трактор зауытының сараптама комиссиясының келуіне дайындалуда, ол пластикпен жұмыс сапасын қабылдайды. Сертификаттау сәтті өткен жағдайда қазақстандық кәсіпорын Қостанайда тек өз қажеттіліктері үшін ғана емес, "Кировец" тракторлары үшін де компоненттер шығаратын болады. Ал бұл жылына шамамен 3 мың трактор. Зауыттың келесі міндеті-Санкт-Петербург трактор зауытына пластикалық жұмыстарды жеткізу, бұл жайт өндірілген жабдықтар мен қосалқы бөлшектердің сапасының жоғары екендігін дәлелдейді.

Айта кетсек, Қостанай трактор зауыты – Қазақстан Республикасының аумағында "Кировец" энергиямен қаныққан тракторларының ресми өндірушісі. Биыл зауыт алғашқы туған күнін атап өтті. Қостанай трактор зауыты жұмыс істеген бір жылдың ішінде оның техникасын 280-нен астам фермер сатып алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу