Қостанайда тұрғын үйлер, мектеп пен әуежай жылусыз қалды

467

Бұл туралы "Наш Костанай" ақпарат агенттігі мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.  

Қостанайда тұрғын үйлер, мектеп пен әуежай жылусыз қалды Фото: top-news.kz

Қостанайда Герасимов көшесіндегі тұрғын үйдің жанындағы жылу жүйесіне зақым келген. 20 желтоқсанда мына мекенжайлардағы үйлер уақытша жылу беруден ажыратылады:

  • Герасимов көшесі, 2Б, 7, 8, 9, 10, 12;
  • "Аэропорт" шағынауданы, 6, 7, 8, 9, 10, 12, 16, 17, 18, 19, 20, 28, 29, 30, 32, 33, 35, 35А, 38, 39, 45;
  • Аэропорт көшесі, 1 (әуежай аумағында);
  • №29 орта мектеп;
  • "Қостанай" халықаралық әуежайының ғимараты.

"Сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сағат 20.00-ге дейін олар ақауды жою жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Жылу беру сағат 20.00-ден 00.00-ге дейін іске қосылады", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу