Қостанайда тұрғындардан ақша бопсалаған күдікті ұсталды

126

Ол 2 студенттен ірі көлемде ақша талап еткен.  

Қостанайда тұрғындардан ақша бопсалаған күдікті ұсталды Фото: polisia.kz

Полиция 2024 жылдың желтоқсанынан 2025 жылдың ақпанына дейін жасалған бірнеше қылмыстық оқиғаны тергеп жатыр.

Қостанай облысы ПД-ның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Қостанай қаласының 22 жастағы тұрғынын ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті жәбірленушілерге психологиялық қысым көрсетіп, күш қолданамын деп қорқытқан. Соның салдарынан зардап шеккендер оған 1 миллион теңгеден астам қаражат берген.

Қазіргі таңда күдіктіге тұрғылықты жерден шықпау туралы қолхатпен бұлтартпау шарасы қолданылды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігіне сәйкес, оған жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қолданылуы мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу