Қостанай қаласында сағат 13:31-де ұйым аумағында құрылыс материалдары мен тұрмыстық химиясы бар қойма өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрттің ауданы анықталуда.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға орнында ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылған, - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу