Қостанайда ұйымдасқан топ АӨК дамытуға бөлінген 1.6 млрд-тан астам қаржыны жымқырған

320

Ұйымдасқан топты ірі ет өңдеу кәсіпорнының директоры басқарған.

Қостанайда ұйымдасқан топ АӨК дамытуға бөлінген 1.6 млрд-тан астам қаржыны жымқырған Фото: ult.kz

Қостанай облысында бұрын әшкереленген қылмыстық топтың 2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін ет сату бойынша ойдан шығарылған мәмілелер арқылы бюджет қаражатын жымқырған әрекеттеріне қатысты тергеу жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұрлықтың сомасы 1,6 млрд теңгеден асады. 

Еске салайық, ұйымдасқан топты ірі ет өңдеу кәсіпорнының директоры басқарды, оның құрамына қарамағындағылар, шаруа қожалықтарының басшылары, мал дәрігерлері мен лауазымды тұлғалар кірді.

Қылмыстық схема шаруа қожалықтарының қайта өңдеу зауытына жоқ өнімдерді, сондай-ақ қылмыстық топ мүшелері арасында бөлінген субсидиялар алған артық салмағы бар өнімдерді жеткізуден тұрды.

Қазіргі уақытта ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қылмыстық әрекеттеріне қатысы бар 50-ден астам шаруа қожалықтары анықталды.

Бүгінгі таңда алаяқтық, ұйымдасқан топ құру және басқару фактілері бойынша он жеті қылмыстық іс тіркелді. 

Топ мүшелерінің банк ұяшықтарында және есепшоттарында шетел және ұлттық валютадағы жалпы сомасы 3 млн астам АҚШ доллары бар екені анықталды. 

Алдын ала тергеу барысында қожалық басшылары кінәсін мойындап, 62 млн теңгеден астам қаржыны өз еркімен мемлекет кірісіне қайтарған. 

Тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 5 белсенді мүшесі қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу