Қостанайда үш жасар бала терезеден құлап кетті

207

Ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қостанайда үш жасар бала терезеден құлап кетті Фото: elitar.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бала екінші қабаттағы терезеден құлап кеткен.

Сәби түрлі жарақат алып, Қостанай облыстық балалар ауруханасына жатқызылған.

"Сағат 13:25-те 2021 жылы туған бала түскен. Диагнозы: тұрғын үйдің екінші қабатындағы терезеден құлап, жарақат алған. Баланың бел аймағындағы жұмсақ тіндер көгерген. Оның жағдайы орташа ауыр", – деп мәлімдеді Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Ведомство науқастың облыстық балалар ауруханасында толық ем қабылдап жатқанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу