Қостанайда үш жасар қыз бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті

470

Бүлдіршін қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. 

Қостанайда үш жасар қыз бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті Фото: PatriotNEWS

"22 тамызда сағат 13:30-да 9 ықшам ауданда бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтердің терезесінен 2019 жылы туған қыз бала құлап кетті. Оқыс оқиға бала ересектердің қарауынсыз жалғыз қалған кезде орын алды. Зардап шегуші қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер оған мидың шайқалуы, қабақтың ашық жарасы, іштің доғал жарақаты, жағдай қанағаттанарлық деп диагноз қойды", делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу