Қостанайда велошеру өтті

1022

Қостанайда велошеру өтті

Велосипед мінген жүзге жуық адам 25 шақырымды жүріп өтті. Жолай Жеңіс саябағына аялдаған олар екінші дүниежүзілік соғыста, қаза тапқандардың еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды 24.kz.

Айта кетелік, 1942 жылы Қостанайда жасақталған бригада кейін 150-атқыштар дивизиясына айналып, Берлинге дейін жетті. Рейхстагқа ту тіккен шабуылдаушы топты Тобыл өңірінің тумасы, Кеңес Одағының батыры Илья Сьянов басқарған. Велошеруге қатысушылар батыр жерленген зират басына барып, тағзым етті.

"Бүгін біз сол біздің ата-бабаларымыздың жасаған ерлігін, олардың бізге берге бейбіт өмірін сақтау үшін, біз өзіміздің осы вело және жаяу жүгіріске қатысуымызбен олардың рухына тағзым еткіміз келеді", - дейді ҚР ІІМ Қостанай академиясының басшысы Мирлан Қызылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу