Қостанайда заңсыз көші-қон ұйымдастырған азамат ұсталды

363

Күдікті Оңтүстік Азия мемлекеттерінің төрт азаматы үшін заңсыз көші-қон ұйымдастырған.

Қостанайда заңсыз көші-қон ұйымдастырған азамат ұсталды Фото: pixabay

Қостанай облысында Оңтүстік Азия мемлекеттерінің төрт азаматы үшін заңсыз көші-қон ұйымдастырды деген күдікпен шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктілерді ұстау шарасы 2023 жылғы 13 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері мен ҰҚК департаменті және облыстық полиция қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 394 бабының 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

"2023 жылдың басынан бері Қостанай облысының аумағында 32 шетелдік ұсталды",-делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу