Қостанайда жалған валюта сатумен айналысқан 5 азамат сотталды

335

30 000 жалған доллардың 28 600-і сотқа дейінгі тергеу барысында анықталып, тәркіленді.

Қостанайда жалған валюта сатумен айналысқан 5 азамат сотталды Фото: kun.uz

Қостанайда облыс аумағы мен Астанада жалған АҚШ долларын сатқан 5 азамат сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Күдікті Шарапиев С валют тауып әкелумен айналысса, Қостанай облысының аумағында сатуды Жакупов Т. және Шаймердинов А., Астана аумағында таратуды ерлі-зайыпты Бердімұратовтар жүргізген.

30 000 жалған доллардың 28 600-і сотқа дейінгі тергеу барысында анықталып, тәркіленді", делінген агенттік хабарламасында.

Аталған қылмыстарды жасағаны үшін сотталушыларға "Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу" бабымен, сондай-ақ жәбірленушілерді алдау фактілері болғандықтан "Алаяқтық" бабы бойынша айып тағылды. 

Сот үкімімен Шарапиев С. ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде 5,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына, Шаймердинов А. мен Жакупов Т. орташа қауіпсіздік мекемесінде 5,5 жылға дейін, Бердімұратовтар жұбайлары шартты түрде 5 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды. 

ҚМА мемлекеттің қаржылық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін "көлеңкелі" экономика саласындағы қылмыстар фактілерін ашуға бағытталған іс-шараларды жалғастыратын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу